Фото: Автор
Солтүстікқазақстандық спортшылар Ярослава Кузнецова мен Кирилл Новиков Гонконгта өткен Азия чемпионатында әуесқойлар арасындағы спорттық биден жеңімпаз атанып, алтын алқа тағынды. Ел мерейін халықаралық деңгейде асқақтатқан спортшыларды ата-аналары мен достары теміржол вокзалында қарсы алды, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.
Кирилл Новиков пен Ярослава Кузнецованың жұптасып жұмыс істегеніне небәрі бір жыл болған. Қысқа уақыт аралығында спортшылар биік белесті бағындырып үлгерді.
«Бұл біздің облыс үшін үлкен жетістік. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының атынан құттықтаймын. Бұл үлкен жеңіс. Сіздерге болашақта спорттатек қана жетістік тілеймін», - деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Асылбек Әлдіменов.
Ярослава Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқиды. Кирилл Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық би мектебінің оқытушысы. Екеуі де "S'Avancer" би мектебінде жаттығады. Спортшылар Азия чемпионатында алған әсерлерімен бөлісті.
«Жарыстың ұйымдастырылу деңгейі, орны көңілімізден шықты. 24 меклекеттен спортшылар келді. Қытайлықтардан қорыққаным рас. Мықты екен, қатты таңқалдырды. Соңғы биді билегенде 3-ші немесе 4-ші орын алатын шығармыз деп ойладым. Қазылар алқасы біздің шеберлігімізді жоғары бағалады. Күтпеген жерден бірінші болып шықтық», - деді Кирилл Новиков.
Қазақстан медаль саны бойынша Азия Кчемпионатында үздік атанды. Кирилл мен Ярослава биыл қарашада Австрияда өтетін әлем чемпионатына дайындалады.
«Гонконгта жергілікті тұрғындардың қарым-қатынасы ұнады. Біз европалық бағдарлама бойынша биледік. Ол бес биден тұрады: баяу вальс, танго, вена вальсі, фокстрот және квик-степ. Ал Азия чемпионатының өзі сингл және екі би бойынша өтті. Жарысқа белсенді түрде дайындалдық. Екі ай бойы залдан шыққан жоқпыз деуге болады. Бұғн дейін Москва және Самарада жарысқа қатыстық. 1-ші және 2-ші орындар әкелдік. Қазақстан чемпионатында 3-ші орынға тұрақтадық», - дейді Ярослава Кузнецова.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!