BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.29 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.4 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.93
Астана:

Қазақстандық шахматшылар чемпионатта үздік ондыққа кірді

Астана, BAQ.KZ. Санкт-Петербургте жедел шахмат бойынша әлем чемпионаты аяқталды. Бұл жөнінде Bnews.kz порталы хабарлайды.

Оның қорытындысы бойынша қазақстанық Жансая Әбдімәлік пен Динара Сәдуақасова үздік ондыққа кірді.
Жансая Әбдімәлік ықтимал 12 ұпайдың 8,5 жинап, бұл нәтиже оған 6 орынды иеленуге мүмкіндік берді.
Өз кезегінде, Динара Сәдуақасованың активі 8 ұпайдан тұрды. Бұл нәтиже Динараның 10 орынға тұрақтауына ықпал етті.
Жалпы, Динара тағы бірқатар қатысушылармен бірге 8 ұпай жинаған болатын. Алайда, оның қарсыластары әлдеқайда мықты болуына байланысты, үздікке кіре алды.
Тағы бір қазақстандық шахматшы Гүлісхан Нахбаев 57 болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер