BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін мектептерде арнайы спорт бағдарламасы енгізіледі

Фото: ҰПК баспасөз қызметі

3 желтоқсаннан бастап бүкіл әлем бойынша мектептерде мүмкіндігі шектеулі балалардың спортпен шұғылдануын қолдайтын «I'mPossible» бағдарламасы іске қосылды. Бұл бағдарлама Қазақстан мектептерінде де енгізіледі, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

I’mPOSSIBLE – Халықаралық паралимпиадалық комитет әзірлеген білім бағдарламасы. Ол әлем жастарының арасында паралимпиадалық қозғалыстың насихатталуына және құндылықтарының кең таралуына арналған.

Аталмыш білім беру жүйесін қолдаған елдердің бірі – Жапония. Енді бұл елде мүмкіндігі шектеулі балалар мектептерде дене шынықтыру пәніне толық қатыса алады.

Қазақстанның Ұлттық Паралимпиада комитеті де халықаралық I'mPossible бағдарламасын еліміздің бірнеше мектебіне енгізуді жоспарлап отыр. Оның аясында мұғалімдер мүмкіндігі шектеулі балаларға дене шынықтыру пәнін жүргізуге арналған әдістерді үйренеді.

Мәселенің барлығы мынаған келіп тіреліп тұр: Қазақстанда белгілі бір диагноз қойылған балалар дене шынықтыру пәнінен босатылған. Яғни, олар 11 жыл бойы дене шынықтырудың не екенін көрмей, мектептегі оқуын тәмамдайды. Ал, жаңа бағдарлама балалардың денесін шынықтырып, жаттығу жасап, таза ауамен тыныс алуына ықпал етеді.

I'mPossible бағдарламасы аясында ұстаздар 6-12 жас аралығындаға оқушылармен жұмыс істеуді үйренеді. Кейін балалар Паралимпиаданың құндылықтары, пара спорттың жетістіктерімен танысып, әлемдегі паралимпиада жүлдегерлерімен танысады және спортпен шұғылдануға мүмкіндік алады. Яғни, өздерін де болашақта сол чемпиондардың орнына қойып, спортқа деген құлшынысы оянады.

Айта кетейік, I'mPossible бағдарламасы ҚР БҒМ және Агитос қорының қолдауымен еліміздің бірнеше мектебінде енгізілмек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер