Қазақстан ұлттық құрамасы Ауыр атлетикадан әлем чемпионатынан ресми түрде шеттетілді - Спорт|01 Қазан 2017, 10:15
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан ұлттық құрамасы Ауыр атлетикадан әлем чемпионатынан ресми түрде шеттетілді

Қазақстан ұлттық құрамасы Ауыр атлетикадан әлем чемпионатынан ресми түрде шеттетілді, - деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Vesti.kz порталының жазуына қарағанда, мұндай ақпаратты Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) сайты таратқан.

Естеріңізде болса, Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты АҚШ-тың Анахайм қаласында 28 қараша мен 5 желтоқсан аралығында өтеді.

Ал жалпы спорттың бұл түрінен Қазақстан, Ресей, Қытай, Беларусь, Әзірбайжан, Түркия және Молдавия федерациялары бір жылға шеттетілді. Бұл елдердің 2008 және 2012 жылғы Олимпиадаларда қайта жүргізілген допинг-тестілеуден үш немесе одан көп спортшысының қан құрамынан тыйым салынған заттар табылған.

Осылайша аталған елдердің ауыратлеттері бір жылға IWF аясындағы барлық халықаралық жарыстан шеттетіліп отыр.

Еске салайық, мұның алдында Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасына допингке қатысты ереже бұзушылықтарына байланысты Анахаймада өтетін 2017 жылғы әлем чемпионатына қатысуға тыйым салынатыны хабарланған еді.

Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы ұлттық құрама допинг қолданған спортшылар үшін Анахаймада (АҚШ) өтетін 2017 жылғы әлем чемпионатына қатыстырылмайды делінген қауесеттерге қатысты мәлімдеме жасаған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер