BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан құрамасы әлем бойынша футзалдан тоғызыншы орында

Futsalworldranking.be сайты ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Рейтингтің көшбасшысы - 1931 ұпаймен Бразилия болды. Екінші орынға – 1878 ұпай жинаған Испания жайғасса, үшінші орынды – қоржынында 1740 ұпайы бар Ресей иеленіпті. Қазақстан жаңа рейтингте 1488 ұпаймен тоғызыншы орыннан көрінді.

2017 жылы Қазақстан футзалшылары ЕУРО-2018 турниріне жолдама алған болатын. Іріктеу кезеңін олар бірінші орынмен аяқтады.

Ал Еуропа чемпионаты 2018 жылдың 30 қаңтары мен 10 ақпаны арасында Люблянь (Словения) қаласында өтеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер