Кәсiпқой триатлоншылар арасында үздiктер анықталды (Фото/видео) - Спорт|30 Шілде 2017, 13:20
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Кәсiпқой триатлоншылар арасында үздiктер анықталды (Фото/видео)

Фото: Абзал Қалиев

Астанада өтiп жатқан триатлоннан Қазақстанның ашық чемпионатында кәсiпқой триатлоншылар арасындағы жарыс жеңiмпаздары анықталды, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Кәсіби санаттағы ресейлiк спортшы Иван Тутукин мәреге бiрiншi болып келдi. Қазақстандық триатлоншы Максим Крят екiншi орын алса, үшiншi орынды украиналық Виктор Земцев иелендi.
Сондай-ақ, «Астана» командасының бұрынғы көшбасшысы, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Александр Винокуров чемпионаттың 90 шақырымдық қашықтықтағы веложарыс кезеңінде жеңіске жетті.
Жарысқа барлығы 155 адам қатысуда. Олар 1,8 шақырымды жүзіп өтіп, 90 шақырымды велосипедпен бағындырып және 21,5 шақырымды жүгіріп өтуi тиiс. Командалық жарысқа 3 адамнан 19 топ қатысып отыр.
Атап өтсек, бүгiн Қазақстан Триатлон федерациясының президенті Кәрім Мәсімов барлық қатысушыны, ұйымдастырушылар мен көрермендерді чемпионаттың ашылуымен құттықтаған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер