«Канелоның» промоутері: Бұл жолы табыс үш есе көп болуы мүмкін - Спорт|30 Қаңтар 2018, 10:59
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

«Канелоның» промоутері: Бұл жолы табыс үш есе көп болуы мүмкін

Фото: badlefthook.com

Сауль «Канело» Альварестің промоутері Оскар де ла Хойя мексикалықтың Геннадий Головкинмен кездескені үшін қанша ақша алатынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Алғашқы кездесуде билеттердің өзінен 26 млн түсті. Мұнымен қатар, HBO-ға 1,3 млн ақылы трансляция сатылды. Оның жалпы құны – 80 млн доллар. Промоутер бұл жолы табыстың үш есе көп болуы мүмкін екенін де жасырмады.

«Альварес пен Головкин — тексерілген тауарлар. Бірінші кездесудің өзінде олар шаршы алаңда тамаша өнер көрсетті. Екінші кездесудің де ойдағыдай болатынына сенімдімін», — дейді Оскар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Желтоқсан 2018, 12:45
Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
Пікірлер