"Канело" Головкиннің көзіне қарай алмады - Спорт|13 Қыркүйек 2018, 09:10
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

"Канело" Головкиннің көзіне қарай алмады

Фото: vesti.kz

Лас-Вегаста WBC, WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен Сауль «Канело» Альварестің реванш алдындағы соңғы конференциясы өтті, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Боксшылардың екеуі бірдей қатысқан алғашқы шарада Альварес жекпе-жек алдындағы көз түйістіруден бас тартты. Басылымның жазуынша, «Канело» мұны өзі туралы жазылған допинг-тесттерден кейін жасап отыр.

"Финалдық конференцияда Головкин мен Альварес сахнаға шақырылды. Бірақ мексикалық спортшы қарсыласының қасына жақындаудан бас тартты. Екі боксшы да өзі шыққан жақта тұра берді. Соған қарағанда «Канело» қазақстандық боксшының көзіне тек рингте қарауға бел буған", - деп жазды басылым.

Айта кетейік, екі боксшының реваншы 15 қыркүйекте болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер