BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қанат Исламның келесі жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (25–0, 20 КО) EsNews порталына берген сұхбатында алдағы кездесуі туралы айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, алдағы жекпе-жек Лас-Вегас қаласында өтеді.

Журналистің «келесі қарсыласың кім болады?» деген сұрағына қазақстандық боксшы «Әзірше білмедім. Оның маңызы жоқ» деп жауап берген.

Айта кетейік, Қанат Ислам – бірінші орта салмақтағы WBO NABO, WBA-NABA және WBA Inter-Continental белбеулерінің иегері.

Жерлесіміз шаршы алаңдағы соңғы кездесуін 2017 жылдың 9 қыркүйегінде Астанада өткізген. Ол тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен канадалық Брэндон Кукты (19–1, 12 КО) жеңген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Қанат Ислам Top Rank промоутерлік компаниямен келісімшартқа отырған. Аталған компания WBO нұсқасы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақтағы боксшы Василия Ломаченконың (10–1, 8 КО) ісін жүргізеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер