BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қанат Ислам WBO рейтингінде үздік үштікке енді

Астанада жекпе-жек өткізіп, қарсыласын нокаутпен жеңген қазақстандық боксшы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) Бүкіләлемдік бокс федерациясының (WBO) жаңартылған рейтингінде төрт сатыға жоғарылап, үздік үштікке енді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, бірінші орта салмақта жұдырықтасатын Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін Астана қаласында Брэндон Кукке қарсы өткізіп, 9-шы раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Сөйтіп, отандасымыз бірінші орта салмақтағы WBO, NABO және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерін қорғап қалды. Бұл көрсеткіш Қанат Исламға BoxRec рейтінгінде 12-орынға көтерілуге мүмкінді берді. Кук қазақстандық боксшымен кездеспей тұрып, одан бірнеше саты жоғары тұрған еді. Ол 22 позицияға төмендеп, қазіргі уақытта 43-орынға түсіп қалды.

Жаңартылған WBO рейтингінде Ислам үшінші орында тұр. Сегізінші орыннан бірінші орынға ресейлік Магомед Курбанов көтерілді, ол WBO International белбеуінің иегері. Екінші орында ұлыбританиялық боксшы Лиам Уильямс. Бірінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша чемпионы - пуэрторикалық боксшы Мигель Котто.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер