Қанат Ислам WBO рейтингінде бір сатыға төмендеді - Спорт|22 Қаңтар 2018, 11:36
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қанат Ислам WBO рейтингінде бір сатыға төмендеді

Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингі шықты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Орта салмақ дәрежесіндегі қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам желтоқсан айындағы көрсеткішпен салыстырғанда рейтингтегі екінші орыннан үшінші орынға төмендеді.

WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық Садам Али. Рейтингтегі бірінші орында британдық боксшы Лиам Смит тұрса, екінші орынға ресейлік Магомед Курбанов тұрақтаған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер