BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қанат Ислам WBA рейтингіндегі орнын сақтап қалды

Бірінші орта салмақтағы WBO, NABO және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерінің иегері Қанат Ислам (24-0,19 КО) Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) жаңартылған рейтингінде екінші орнын сақтап тұр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz -ке сілтеме жасап.

Бүгін кәсіпқой бокс әлеміндегі белді деген төрт ұйымның (WBS, WBA, IBF, WBO) рейтингтері жаңарды. Оның қорытындысы бойынша Қанат Ислам WBA рейтингінде екінші орнын сақтап тұр. Бұл ұйымның тізімінде көш басында аргентинкалық Брайан Кастаньо жайғасқан. Ал Қанат Исламның алдағы кездесудегі қарсыласы Брэндон Кук болса WBA рейтингінде - 5 орында орналасқан.

Қазақстандық өзге боксшылар да өз орындарын сақтап қалған. Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын Жанқош Тұраров 10-шы сатыға жайғасса, бірінші ауыр салмақтағы Иса Ақбербаев 13-ші орында тұр.

Еске сала кетейік, Ислам — Кук жекпе-жегі 9 қыркүйек күні Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Отандасымыз бірінші орта салмақтағы WBO, NABO және WBA Inter-Continental белдіктерін қоғайды. Сондай-ақ осы жекпе-жектің андеркартында қазақстандық 8 боксшы шаршы алаңға шығады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер