BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Илья Ильин «Катар кубогы» халықаралық турниріне қатысады

Астана, BAQ.KZ. Катар астанасы Дохада 19-23 желтоқсан аралығында «Катар кубогы» халықаралық турнирі өтеді. Ауыр атлеттердің бұл бәсекесі 2020 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңі аясындағы жарыстар қатарына енеді.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Дохадаға дода олимпиадалық салмақ дәрежелері бойынша өтеді. Жарысқа Қазақстан атынан 9 ауыр атлет қатысады. Олардың қатарында Илья Ильин де бар, деп жазды vesti.kz.

«Катар кубогы» халықаралық турниріне қатысушылар қатарында Ильиннен өзге Арли Чонтей (61 кг), Игорь Сон (61 кг), Фархад Харки (67 кг), Нижат Рахимов (73 кг), Айдар Қазов (81 кг), Рүстем Сыбай (96 кг), Карина Горичева (64 кг) және Раушан Мешітханова (87 кг) бар.

«Олимпиадаға екінші іріктеу кезеңі болып саналатын бұл турнирдің біз үшін маңызы жоғары. «Катар кубогы» халықаралық турниріне қатысу спортшыларға рейтингтік ұпай сыйлайды. Бұл әлем чемпионатына қатыса алмай қалған немесе төмен нәтиже көрсеткен ауыр атлеттер үшін бір мүмкіндік. Бұл әлем чемпионатынан кейінгі аз уақыт ішінде өткелі жатқан жарыс. Сонда да жоғары нәтиже көрсетуге тырысамыз», - деді ҚР ұлтты құрамасының бас жаттықтырушысы Юрий Мельников.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер