Ильиннің олимпиадаға қатысуы жақын күндері белгілі болады – А.Құлшықов - Спорт|30 Маусым 2016, 14:37
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ильиннің олимпиадаға қатысуы жақын күндері белгілі болады – А.Құлшықов

Допинг дауына ілінген Илья Ильиннің Рио олимпиадаға қатысу мүмкіндігі жақын күндері белгілі болады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. Бұл туралы «Астана» президенттік клубының атқарушы директоры Аманбек Құлшықов баспасөз отырысында мәлімдеді.

Бейжің және Лондон олимпиадасында тапсырған допинг сынамаларын қайта қарау кезінде қазақстандық ауыр атлеттің басы дауға қалған еді. Араға ұзақ уақыт салып белгілі болған бұл тексерістің қорытындысы қателік кеткен деген хабарлама айтылған еді. Енді Ильиннің олимпадаға қатысуы нақты белгісіз.

«Илья Ильин бүгінгі баспасөз отырысына қатысуы тиіс еді. Алайда оны шұғыл түрде Женеваға шақыртып, кеше сапарға шығып кетті. Енді оның олимпиада қатысу мүмкіндігі бір-екі күндікте белгілі болады. Илья елге оралған соң біз оның қатысуымен баспасөз конференциясын өткізіп, мән-жайды толық айтатын боламыз», деді Амандық Құлшықов.

Ол өз сөзінде Ильяға клуб тарапынан қашанда қолдау болатындығын айта келе, оның олимпиадаға қатысуы аса маңызды екендігін жеткізді.

Олимпиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы Илья Ильин 105 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде олимпиада ойындарының жеңімпазы болудан үмітті №1 спортшы. Ол 2014 жылы өткен әлем чемпионатында рекорд орнатқан болатын. Араға бір салып, Грозныйда ол өзінің рекордтық көрсеткішін қайта жаңартқан болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер