Головкиннің алғашқы мұражайынан нені көруге болады? - Спорт|15 Қыркүйек 2018, 17:37
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Головкиннің алғашқы мұражайынан нені көруге болады?

Фото: автор

Төрткүл дүниеге танымал әйгілі боксшы Геннадий Головкинге туған жері Қарағандыда мұражай ашылған болатын. Baq.kz аймақтағы тілшісі даңқты спортшының жетістіктері көрсетілген мұражайда болып, экспонаттармен танысып қайтқан болатын.

Г. Головкиннің балалық шағы өткен, оның алғаш рет бокс әлеміне қадам басқан Майқұдық ауданында былтыр спорт кешені ашылып, оған атақты боксшының аты берілген. Осы спорт сарайында Генаның спорттағы жетістіктерін өскелең ұрпаққа көрсету мақсатында кішігірім мұражай ашылған болатын.

автор

Спорт кешені басшысының айтуынша экспонаттарды мұражайға Геннадийдің анасы сыйлаған.

«Кумиріміздің жетістіктерін көрсететін, жерлестері онымен мақтана алатын шағын болса да мұражай ашу ойымызда болғантын. Себебі бұл спорт кешені Геннадий Головкиннің атында. Яғни біздің орталықтағы балалар оның грамоталары мен кубоктарын, алғыс хаттарын, боксерлік қолғабын көрулері қажет. Өсіп келе жатқан ұрпақ осыған қарап мықты болуға, жетістіктерге жетуге ұмтылатын болады», - дейді денешынықтыру-сауықтыру кешенінің жетекшісі Руслан Сайфимилюков.

автор

Кешеннің кіре беріс холлында орналасқан мұражайда боксшының алғашқы дипломдары мен мақтау қағаздары, алғыс хаттар мен кубоктары, былғары қолғабы мен аяқ киімі қойылған. Сондай-ақ, мұражай сөрелерінен боксшы Олимпиада ойындарына қатысқан кезінде киген шолақ шалбары, майкасы мен жамылғысы қойылған. Спортшының әлемдік бокс додаларында шаршы алаңғы шығарда киген «GGG» деп алтын әріптермен жазылған шапаны да өз орнын тапқан.

«Баламыз осы орталықта спортпен айналысады. Ол Генаның атымен аталатын спорт орталығында бокспен айналысатынын мақтан тұтады. Генадай атақты спортшы болуды армандайды», - дейді қала тұрғыны Абзал Жүкенов.

Мұражайда бірден көзге түсетіні жарықдиодты «GGG» әріптері. Спорт кешеніне келген әрбір бала осы әріптердің жанында суретке түсіп, даңқты жерлесімен мақтанатындығы сөзсіз.

автор

Еске салайық, Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің реваншты жекпе-жегі 15 қыркүйек күні (Астана уақыты бойынша 16 қыркүйекте) Лас-Вегаста өтеді. Шаршы алаңдағы шоуды QazSport және Qazaqstan арналары тікелей эфирде көрсететін болады. Көптен күткен жекпе-жекті үлкен экраннан көруге ниет білдіргендер үшін Қарағандының үш жерінде LED экрандар орнатылған. Спорт сүйер қауым шоуды Бұқар Жырау даңғылының бойында орналасқан Кеншілер мәдениет сарайының, Жаңа Майқұдық мәдениет үйінің және Шахтеров даңғылының бойындағы Достық үйінің алдында орнатылған экрандардан көре алады.

Президенттің телерадиокешені Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен әлем чемпионы Геннадий Головкиннің кездесуінен видео үзінді жариялады.

Кеше Лас-Вегаста WBC, WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен Сауль «Канело» Альварестің реванш алдындағы соңғы конференциясы өтті. Боксшылардың екеуі бірдей қатысқан алғашқы шарада Альварес жекпе-жек алдындағы көз түйістіруден бас тартты.

WBC, WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес тәлімгерінің Саул «Канело» Альвареспен екінші кездесуде айтарлықтай проблема болмауы тиіс екенін айтты.

Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер