BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Головкин мен Альварес тең түсті

Лас-Вегас қаласында WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы (49-1-1, 34 КО) жекпе-жекте боксшылар тең түсті, деп хабарлайды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Алғашқы үш раундта боксшылар ашық ұрысқа бармай, бір-бірін барлаумен болды. Дегенмен, 3-раундта Геннадий Головкин сәл басымдау көрінді. Альварес көбіне қорғанып, арасында ауыр соққылар жасауға тырысты. Оның апперкот соққылары, ал Головкиннің джебтері дәлірек тиді. 6-раундта Головкин өте жақсы бокс көрсетті. 7-раундта боксшылар алма-кезек соққы алмасумен болды. Соңғы раундтарда Геннадий Альваресті бұрышқа тығып сериялы соққылар жұмсады. Бірақ Альварес жақсы қорғанды.

12-раундта Альварестің комбинациялық соққылары дәл тиді.

Жекпе-жек соңында бір төреші жеңісті Головкинге, екіншісі мексикалыққа берсе, үшіншісі екеуі тең болды деп шешті. Осылайша, бұл кездесу тең аяқталды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер