Головкин WBN нұсқасы бойынша жылдың үздік боксшысы атанды - Спорт|22 Қаңтар 2018, 09:17
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Головкин WBN нұсқасы бойынша жылдың үздік боксшысы атанды

Британияның WorldBoxingNews.net сайты 2017 жылдың қорытынды аталымдарының жеңімпаздарын жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Редакцияның нұсқасы бойынша жылдың ең үздік боксшысы қазақстандық Геннадий Головкин болды. Ол осы аталым бойынша украиналық Василий Ломаченко мен америкалық Теренс Кроуфордты басып озды.

«Биылғы жыл Головкин үшін жұлдызды жыл болды. Боксшы орта салмақтағы чемпиондық белдіктерін дивизионның екінші және үшінші нөмірлеріне қарсы сәтті қорғап шықты. Головкин, Ломаченко мен Кроуфордтардың арасынан үздігін таңдау оңай болмады. Бірақ қазақстандық алғаш рет «Редакция таңдауына» лайық деп танылды», - деп жазылған мақалада.

GGG бұған дейін WorldBoxingNews.net оқырмандарының нұсқасы бойынша сауалнамаға берген дауыспен төрт рет жылдың үздік боксшы атанған еді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер