Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі қашан өтуі мүмкін? - Спорт|17 Қыркүйек 2018, 11:35
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі қашан өтуі мүмкін?

Қазақстандық боскшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (50-1-2, 34 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек келесі жылы мамырда өтуі мүмкін. Бұл туралы Головкиннің бапкері Абель Санчес BoxingScene.com басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Кеше Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында Головкин мен Альбарес арасындағы қарымта жекпе-жек өтті. 12 раундт қорытындысы бойынша Альварес ұпай санымен жеңіске жетті. Головкин үшін бұл – алғашқы жеңіліс. Жекпе-жек соңында қос боксшы да үшінші кездесуге дайын екендерін айтты.

"Бизнес тұрғысынан "Канелоға" ғана емес, Головкинге де барлық мүмкіндікті қарастыру керек деп ойлаймын. Стиль жағынан олар бір-біріне өте жақын. Эрик Гомес (Альварестің промоутері) төрешілер шешімі айтылғаннан кейін маған келіп: "Үшінші жекпе-жек керек. Тағы бір кездесу өткізуіміз қажет" деді. Мен: "Иә, мұны Томмен талқылайық" дедім. 5 мамыр бұл үшін тамаша күн деп ойлаймын. Меніңше, бұл жекпе-жек өтсе, 5 мамырда болады", - дейді Санчес.

Сонымен бірге, Альвареспен өткен жекпе-жек Головкин үшін биыл соңғы кездесу болуы мүмкін. Қазақстандықтың бапкері Абель Санчес Головкинге демалыс беретінін айтты.

Айта кетейік, былтыр қос боксшының арасындағы жекпе-жекте жеңімпаз анықталмаған. Төрешілер тең ойын болды деп, екеуінің де қолын көтерген.

Сонымен қатар, Президенттің телерадиокешені Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен әлем чемпионы Геннадий Головкиннің кездесуінен видео үзінді жариялады.

Кеше Лас-Вегаста WBC, WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен Сауль «Канело» Альварестің реванш алдындағы соңғы конференциясы өтті. Боксшылардың екеуі бірдей қатысқан алғашқы шарада Альварес жекпе-жек алдындағы көз түйістіруден бас тартты.

WBC, WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес тәлімгерінің Саул «Канело» Альвареспен екінші кездесуде айтарлықтай проблема болмауы тиіс екенін айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер