Головкин мен Альварестің реваншы Лас-Вегаста өтуі мүмкін - Спорт|31 Қаңтар 2018, 11:13
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Головкин мен Альварестің реваншы Лас-Вегаста өтуі мүмкін

Golden Boy Promotions президенті Эрик Гоместің айтуынша, Лас-Вегастағы T-Mobile Arena – Головкин мен Сауль Альварестің 5 мамырдағы жекпе-жегі өтуі мүмкін ең басты үміткер орын, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Sports.kz басылымына сілтеме жасап.

Гоместің айтуынша, Лас-Вегаста өткен бірінші жекпе-жектен көп пайда түсті. Олар енді тағы дәл сондай болады деп үміттеніп отыр. Сонымен қатар, кездесу Даллас, Нью-Йорк және Лос-Анджелесте де болып қалуы мүмкін.

«Негізінде, Лас-Вегастағы Синко де Майоға тең келері жоқ. Бүгін мен басқа қалаларға қарағанда Лас-Вегасқа басымдық бере аламын. Бастысы, боксшылар арасындағы келісім бар. Енді біз кездесуді өткізетін орын іздеп жатырмыз. Лас-Вегас бізге жақсы ұсыныс айтты. Бірақ біз олардың жоспарына, маркетингтік идеяларына және мұндай айтулы шараны өткізуге қатысты барлық айтқанын тыңдауымыз керек», - деді ESPN Deportes Гомес.

Еске сала кетсек, WBC, WBA (Super), IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің екінші мәрте кездесуге келіскені ресми түрде жария етілді. Келісімшартқа қол қойылғаны жөнінде боксшылардың өздері, олардың промоутерлері және НВО телеарнасы мәлімдегенін хабарлаған болатынбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер