Головкин мен Альварес қарымта кездесу туралы келісімге қол қойды - Спорт|30 Қаңтар 2018, 09:14
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Головкин мен Альварес қарымта кездесу туралы келісімге қол қойды

WBC, WBA (Super), IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің екінші мәрте кездесуге келіскені ресми түрде жария етілді. Келісімшартқа қол қойылғаны жөнінде боксшылардың өздері, олардың промоутерлері және НВО телеарнасы мәлімдеді деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жекпе-жек 5 мамырда өтеді. Бұл – Мексиканың ең басты ұлттық мейрамдарының бірі Синко де Майо тойланатын күн. Кездесуді осы датаға қою арқылы ұйымдастырушылар PPV арқылы барынша көп көрермен тартуды жоспарлап отыр.

Головкин-Альварес жекпе-жегі өтетін қала әзірге таңдалған жоқ. Бұрын кандидаттар қатарында Лас-Вегас, Нью-Йорк және Даллас аталған болатын.

Алдағы кездесуде Головкин бәске өзінің барлық белбеулерін, ал Альварес The Ring журналы нұсқасы бойынша чемпион атағын тігеді.

Геннадий Головкин «Дұрыс ойлайсыздар. Бұл жолы бізге төрешілердің қажеті болмайды!» деп мәлімдеп, өзінің Твиттерінде алдағы жекпе-жектің промосын жария етті.

Ал «Канелоның» промоутері Golden Boy компаниясы «Бұл жолы төрешілер шешпейді! #CaneloGGG2, 5 мамырда, бұл ресми хабар!» деп мәлімдеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер