Головкин Лос-Анджелесте ұлымен хоккейге барды - Спорт|23 Қаңтар 2018, 08:44
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Головкин Лос-Анджелесте ұлымен хоккейге барды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) Лос-Анджелеске бара сала Ұлттық хоккей лигасының (ҰХЛ) «Лос-Анджелес Кингз» — «Нью-Йорк Рейнджерс» матчын тамашалады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі sports.kz басылымына сілтеме жасап.

Головкин ҰХЛ матчы өткен Staples Center-ге хоккеймен айналысатын және сол қаланың балалар командасында ойнайтын ұлы Вадиммен бірге келді.

Бұған дейін Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес Вадим туралы пікір білдірген.

«Геннадийдің ұлы - өте тамаша хоккейші. Оның жасы 8-де, бірақ ол 10 жасар балалардың командасында ойнайды. Әкесі сияқты талантты спортшы. Егер Вадим хоккейін жалғастырса, онда болашақта оның атын кәсіби командалардың бірінен естуіміз мүмкін», - деген Санчес.

Сонымен қатар, Головкин жақын күндері мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) реванш өткізуге келісіп, келісімшарт жасасуы мүмкін.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер