BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Галышева мен Рейхерд үздіктер қатарынан көрінді

Фото: ‎аltaynews.kz

Астана, BAQ.KZ. Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхерд фристайлдың могул түрінен Қытайда өткен Әлем кубогының кезеңінде жүлдегерлер қатарынан көрінді. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

Екі күнге созылған додада алдымен Рейхерд көзге түсті. Бірінші жарыс күні спортшылар жекелей сында өнер көрсеткен болатын. Бұл күнгі ерлер арасындағы сайысқа үш шығысқазақстандық фристайлшы – Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков пен Александр Геберт қатысып, нәтижесінде оның біреуі, 86,92 ұпай жинаған Рейхерд үшінші орынға табан тіреді.

Ал қыздар бәсекесіне қатысқан екі жерлесіміз – Юлия Галышева мен Аяулым Әміренова сәйкесінше 4-ші және 28-ші нәтижелер көрсетті.

Есесіне, қыздарымыз екінші күнгі жұптық сындарда тәуірлеу нәтиже көрсете алды. Атап айтсақ, алдына тек америкалық Джэлин Кауф пен франциялық Перрин Лаффонды ғана жіберген Юлия Галышева үшінші орыннан көрінсе, Аяулым Әміренова 16-ші сатыға дейін көтерілді.

Осылайша жерлестеріміз еліміздің Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келген жарыста қос жүлдеге қол жеткізіп, отандастарына тамаша мерекелік сыйлық жасады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер