BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 377.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.91
Астана:

Ресейден келген қазақ футболдан әйелдер құрамасының бас бапкері болып тағайындалды

Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасын құрамасын Рәзия Нүркенова жаттықтыратын болды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясында әйелдер футболына қатысты өткен брифингте белгілі болды.

«Біз бүгін футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкерін тағайындап жатырмыз. Мен Рәзия Төлеуқызы туралы қысқаша айтып өтсем деймін. Ол - Қарағанды облысының тумасы. 23 жасында Ресейге көшіп кеткен. 26 жылдан бері сол жақта тұрады. Кезінде Кеңес Одағының футболдан әйелдер құрамасында ойнаған. Сол кезде Қарағандыдағы әйелдер командасының намысын қорғаған. Бүгінгі таңда ол Самарадағы балалар командасын жаттықтырып жүр. Ашығын айтқанда, федерация басшылығы біздің ұсынысымызды қабылдағанына қуаныштымыз», - деді Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин брифингте.

Айта кетейік, Рәзия Нүркенова – Қарағанды қаласының педагогикалық институтында білім алған. Ал 1992 жылдан бастап Самара қаласының ЦСК ВВС командасында ойнаған. 2001 жылы футбол мансабын аяқтап, 2003 жылдан бастап ЦСК ВВС спорт мектебінде бапкерлік қызметін бастады. 2009 жылдан бастап әйелдер футболынан ЦСК ВВС кәсіби командасының бас бапкері атанды. 2007 жылдан бастап Ресей қыздар құрамасының аға жаттықтырушысының көмекшісі. Ол – футболдан бірінші дәрежедегі төреші.

Сондай-ақ, Нүркенова 2003-2010 жылдары ЦСК ВВС (Самара) әйелдер футбол клубының бас бапкері, әрі 2011 жылы «Крылья Советов» әйелдер футбол клубының бас бапкері (Самара), 2012–2018 жылдар аралығында ЦСК ВВС (Самара) бас бапкері, 2007–2018 жылдары Ресейдің қыздар құрамасының аға жаттықтырушысының көмекшісі сынды жауапты қызметтерді атқарған.

Ол Ресейдің үш дүркін чемпионы (1993, 1994, 1996), Ресей чемпионатының төрт дүркін күміс жүлдегері (1992, 1995, 1997, 1998), Ресей чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері(1999, 2000), Ресей кубогының иегері (1994) болған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер