BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Финляндияда тау шаңғысынан жаңа маусым басталды

Астана, BAQ.KZ. Финляндияның Пуха қаласында тау шаңғысынан жаңа маусым басталды. Слаломнан өткен алғашқы жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысқан болатын. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайты хабарлады.

Ерлер арасында Данил Сысоев 11, 14-ші, Алексей Сысоев 15-ші, Ислам Саткеев 21-ші орын иеленді. Мария Григорова 9,12-ші орыннан көрінді.

Ал гигант-слалом дисциплинасы бойынша ең жоғарғы нәтижені Мария Гриогорова тіркеді – 7-ші орын. Ерлерден Данил Сысоев 22-ші, Ислам Саткеев 23-ші сатыда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер