Роджер Федерер Australian Open турнирінде жеңіске жетті - Спорт|29 Қаңтар 2018, 08:43
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Роджер Федерер Australian Open турнирінде жеңіске жетті

Фото: Eurosport

Australian Open-2018 турнирінің финалында швейцариялық теннисші Роджер Федерер хорватиялық Марин Чиличті жеңді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Кездесу 3 сағат 7 минутқа дейін созылып, 6:2, 6:7 (5:7), 6:3, 3:6, 6:1 есебімен аяқталды. Төртінші сетте Федерер 3:1 есебімен жеңіп келе жатты. Бірақ кейін қатарынан бес гейм жеңіліп қалды. Содан соң швейцариялық теннисші бесінші сеттің екінші геймінде брейк жасап, шешуші кезеңде басым түсті.

Бұл титул – Федерердің Australian Open (2004, 2006, 2007, 2010, 2017, 2018) және үлкен шлемнің ХХ турниріндегі алтыншы жеңісі. Ал Чилич Австралия Ашық чемпионатының финалына бірінші рет шықты. Бұған дейін ол үлкен шлем турнирлерінің ішінде тек US Open-2014-те жеңімпаз болған.

Айта кетейік, аталған турнирде әйелдер арасында даниялық Каролина Возняцки чемпион атанды. Ол 27 қаңтарда өткен финалда румыниялық Симона Халепті 7:6 (7:3), 3:6, 6:4 есебімен жеңді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер