BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Еуропалық клубқа ауысқан қазақ футболшысы алғашқы голын 25 метрден соқты

Фото: sportal.bg

Қазақстандық жартылай қорғаушы Еркебұлан Нұрғалиев «Верия» командасындағы алғашқы голын соқты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

1/16 финалында софиялық «Локомотивке» қарсы матчта Нұрғалиев ойынның 35-ші минутында есепті теңестірді, бірақ бұл командаға жеңіс әкелмеді, есеп 1:2.

«Верияның» ресми сайты қазақстандық қақпадан 25 метрлік айып добын аса бір дәлдікпен соққанын жазды. 86-шы минутта оны басқа футболшымен ауыстырған, ал оның командасы турнирден шығып қалды.

«Верия» командасына Нұрғалиев биыл жазда келген болатын.

Болгария чемпионатының осы маусымында Нұрғалиев жеті матч өткізіп, үш нәтижелі пас шығарды. Тоғыз турдан кейін «Верия» командасы 16 ұпаймен 14 команданың арасында бесінші орында тұр.

Осы маусымның алғашқы жартысында Нұрғалиев «Оқжетпесте» өнер көрсетті. 24 жастағы семейлік футболшы «Алтай», «Ертіс», «Спартак» командасында ойнаған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер