Ермахан Ыбырайымов: Допинг дауы – іші тар шетелдік мамандардың Қазақстанды көре алмауы (ВИДЕО) - Спорт|17 Маусым 2016, 14:23
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ермахан Ыбырайымов: Допинг дауы – іші тар шетелдік мамандардың Қазақстанды көре алмауы (ВИДЕО) Эксклюзив

Бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымов Baq.kz тілшісіне Қазақ жұрты ғана емес, күллі әлем көз тігіп отырған допинг дауы жайлы өз пікірін білдірді.

«Өздеріңізге белгілі жақында допинг дауы Қазақстанға да келіп жетті. Негізі 2012 жылы болған сонау Лондон Олимпиадасында болған пробаларды алып, зерттеп енді ғана халыққа жария етіп жатыр. Ол негізі менің ойымша дұрыс емес. Неге десеңіздер содан кейін қанша Әлем чемпионаты өтті, қанша жарыстар өтті. Илья Ильиннің өзін, басқа да штангист қыздарымызды әр чемпионатта тексеріп келе жатыр. Неге сол кезде табылмады? Неге қазір Олимпиаданың алдында табылды. Менің ойымша бұл шет елдің іші тар кейбір мамандарының Қазақстанды көре алмайтын кезеңдері деп есептеймін. Қазақстанда осындай төрт алтын алып, Қазақстанның намысын жоғары шарықтатып жатқан кезде олардың көзқарасы көре алмаушылықты байқатады», деді бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымов.

Видео: Жандос КОКУМБАЕВ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер