BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Еркебұлан Сейдахмет Қазақстан құрамасы тарихындағы ең жас гол авторы атанды 

«Уфа» шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет тарихта Қазақстан құрамасы үшін гол соққан ең жас ойыншы атанды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Наурыздың 23-нен 24-не қараған түні Сейдахмет Венгрия құрамасына қарсы жолдастық кездесуде ерекшеленіп, команданың Будапештте 3:2 есебімен жеңіске жетуіне ықпал етті.

Венгриядағы ойын өткен күні Сейдахметтің жасы 18 жас 1 ай 19 күн болатын. Осылайша ол 2009 жылдың 9 қыркүйегінде 18 жас 2 ай 23 күн жасында Андорраға қарсы матч барысында гол соққан Сергей Хижниченконың рекордын жаңартты.

Рекордшылардың екеуі де Венгриямен ойындағы негізгі құрамда шыққан: Сейдахмет 6 минутта, Хижниченко 77 минутта допты дәл бағыттаған. Алайда, Сейдахмет басқа отандық футболшылар қатарында жас рекордынан асып түсе алмады. Яғни, Қазақстан құрамасы тарихындағы ең жас ойыншы – 2006 жылдың 14 ақпанында 17 жас 4 ай 25 күн межесінде өнер көрсеткен жартылай қорғаушы Жамбыл Көкеев еді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер