BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елеусінов келесі қарсыласымен көз арбасудан өтті

Астана, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (4-0, 2 КО) пен оның никарагуалық қарсыласы Маркос Мохико (16-2-2, 12 КО) жекпе-жек алдында көз арбасты.

Vesti.kz сайтының жазуына қарағанда жартылай орта салмақтағы жекпе-жек сегіз раундтық болады. Елеусіновтің бұған дейінгі төрт кездесуі де алты раундты болған.

Елеусінов - Мохика жекпе-жегі қарашаның 24-нен 25-не қараған түні "Казино де Монте-Карлодағы" бокс кешінде болады. Бұл кеште басты оқиға алғашқы ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы ресейлік Денис Лебедев (31-2, 23 КО) пен америкалық Майк Уилсонның (19-0, 8 КО) жекпе-жегі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер