BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Джермалл Чарло Головкинді жекпе-жекке шақырды 

Астана, BAQ.KZ. 22 желтоқсанда WBC орташа салмақтағы чемпионы Джермалл Чарло (27-0-21 КО) ресейлік Матвей Коробовпен (28-1, 14 КО) кездеседі. Бұл жөнінде SPORTINFORM порталы хабарлайды.

Еске сала кетсек, Чарло Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы кіші Вилли Монромен жұдырықтасуы керек болатын. Алайда, кіші Монро допинг-тесттен өтпей қалды. Жекпе-жекке бір апта қалғанда оны Матвей Коробов алмастырып, ол осы сәтке өмір бойы дайыналғанын мәлімдеген болатын.

«Альварес қорқады. Сен қайдасың? Біз сені жекпе-жекке шақырғалы қашан, төбе көрсететін уақыт жетті. Адамдар ағайынды Чарло әлемдегі ең мықтылармен жұдырықтасқанын көргісі келеді. Біз өзімізді дәл солай деп санаймыз. Камон, мэн. Де Ла Хойяның артында тығыла берудің қажеті жоқ», - деп америкалық Альваресті кезекті рет жекже-жекке шақырды.

Чарлоның айтуынша, қазір «Головкин қартая бастаған», ал, дивизионның мықтысы Канело болған шақта, ол алдымен мексикалық спортшыны жеңіп, одан соң Геннадиймен жұдырықтасуға дайын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер