BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Денистің шоуы жалғасады

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Денис Тен атындағы қоғамдық қор ұрылардың қолынан қаза тапқан танымал қазақстандық спортшының мұз үстіндегі шоу жалғасын табатынын хабарлады.

Бүгін Астанада аталған қор мүшелері алғашқы кездесуін өткізді.

«Біздің жоспарымыз бар. Мұз үстіндегі шоуды жыл сайын ұйымдастырымыз. Мұны Денис қолға алды. Оны азаматтар жақсы көреді. Оксана Алексеевна (Денис Теннің анасы – автор) мен оның достары аталған шараға жылда келіп, оған қолдау білдіруге ниет танытты. Біз жобаны жүзеге асыру жағын қарастырып жатырмыз. Ол міндетті түрде болады», - деді «Орталық Азия отын-энергитикалық компаниясы» АҚ президенті Сергей Кан.

Айта кетейік, Денис Тен атындағы қоғамдық қордың қамқоршылық кеңесінің құрамына КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО халықаралық дәрежедегі спорт шебері Татьяна Тарасова, Ұлттық конькимен сырғанаушылар федерациясының басшысы, ҚДБ басқарма төрағасы Болат Жәмішев, танымал кинорежиссер Тимур Бекмамбетов, «Орталық Азия отын-энергитикалық компаниясы» АҚ президенті Сергей Кан, әрі басқа да азаматтар кіреді.

Қордың қамқоршылық кеңесін ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов басқарады. Осыған дейін 2019 жылы Денис Тен академиясы ашылатынын және Денис туралы фильм түсірілетінін хабарлағанбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
26 Желтоқсан 2018, 08:15
Кей облыста аяз жалғасады
Пікірлер