BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бурабайда Burabike қайырымдылық велошеру басталды 

Щучинск-Бурабай курорттық аймағында Burabike-2018 жыл сайынғы қайырымдылық велосипед жарысы басталды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Burabike — мақсаты Қазақстанның балалар емханаларын өмірлік маңыздылығы бар медициналық жабдықпен жасақтауға қаражат жинау болып табылатын жаппай спорттық іс-шара.

2013 жылдан бастап өткізіліп келе жатқан шара аясында Burabike қатысушылары және қонақтары қайырымдылыққа 470 миллион теңгеден астам қайыр жасаған. Ал, 2017 жылы жиналған қаражат 168 429 890 теңгені құрады. Бұл 2013 жылғы жиналған сомадан 15 есеге артық (ол кезде велосипед жарысы алғаш рет өткізілген болатын).

Жалпы, 5 жылда қатысушылар саны 8 есеге өскен, дәлірек айтсақ, 130 адамнан 1 023 адамға дейін артты. Осы жылы балалардың өмірін құтқаруға өз үлесін қосамыз деп 2 300 адам ниет білдірген. Оның ішінде 600-ден астам адам 30-километрлік қашықтықты велосипедпен жүріп өтеді.

«Бұған дейін біз облыстық деңгейдегі ауруханаларға көмектесуге тырысатнбыз. Оларға қажетті құрал жабдықтарды алып беретінбіз. Алайда осы жылы аудандық деңгейдегі мекемелерге басымдылық беріп отырмыз. Бүгінде велосипед жарысынан жиналған барлық қаражатқа Мерке ауданының Орталық аудандық емханасына (Жамбыл обл.), Тимирязев орталық аудандық емханасына (СҚО), Панфилов а. перзентханаға және Алакөл орталық аудандық емханасына (Алматы облысы), Агадырь а. ауылдық емханасына (Қарағанды обл.) өмірлік маңыздылығы бар медициналық жабдық сатылып алынады. Қазірдің өзінде корпоративтік жарналардың арқасында 60 млн теңге жиналды. Енді бүгінгі шараның қорытындысы бойынша өткен жылмен салыстырғанда едәуір көп қаражат жинаймыз деген үміттеміз», - деді Болат Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

Айта кетейік, іс-шара барысында қайырымдылық аукционы өткізіледі. Бұл жылы лоттар ретінде Геннадий Головкиннің қолтаңбасы бар бокс қолғабы, Astana Pro Team бірегей велосипеді, Рафаэль Надальдың, Новак Джоковичтің және Зарина Диястың ракеткалары, Пеленің қолтаңбасы бар футболка, «Асыл мирас» орталығы балаларының суреттері, Батырхан Шукеновтың «Отан Ана» таспасы ұсынылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
04 Қаңтар 2019, 17:14
Қайырымдылық
Пікірлер