Болжам: Геннадий-Альварес жекпе-жегі өтпеуі мүмкін - Спорт|21 Қаңтар 2018, 13:23
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Болжам: Геннадий-Альварес жекпе-жегі өтпеуі мүмкін

Boxingnews24.com сайтының тілшісі Аллан Фокс қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареске қарсы жекпе-жектен бас тартуы мүмкін деп ойлайтынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі..

«Егер «Канело» мен оның командасы Golden Boy-дың ұсынысы Головкиннің көңілінен шықпаса, екінші жекпе-жек өтпей қалуы мүмкін. GGG жекпе-жектен түскен қаржының теңдей бөлінгенін қалайды. Сол себепті Головкин бірінші жекпе-жектегідей ұсынысқа келісе қоюы екі талай», — дейді Фокс.

Сонымен қатар журналист бұл жекпе-жектің өту-өтпеуін Геннадий Головкин шешетінін де айтыпты.

Естеріңізге сала кетейік, жекпе-жекте екі боксшы тең түсті. GGG барлық белбеуін сақтап қалды. Қазақстандық боксшы реванш өткізуге дайын екен айтты. Сонымен қатар, реванш Мексиканың «Синко де Майо» ұлттық мерекесі күні, 5 мамырда өтуі мүмкін екені хабарланған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер