BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.29 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.4 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.93
Астана:

Бокс сарапшысы Головкинге лайық 10 қарсыласты атады

Фото: интернеттен

Астана, BAQ.KZ. Белгілі Boxingnews24.com басылымының тұрақты сарапшыларының бірі Майк Смит қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге келер жылы жекпе-жек өткізуге лайық болатын орта салмақ дәрежесендегі он боксшының тізімін ұсынды.

1. Джермалл Чарло. Бүкіләлемдік бокс кеңесі Головкин мен WBC уақытша чемпионы арасында жекпе-жек өткізуге үмітті.

2. Роб Брант. GGG бапкері Абель Санчес 2019 жылы алғашқы жекпе-жекте қарсылас болуы мүмкін деген жігіт. Брант бірауыздан жасалған шешіммен Риот Муратты жеңді. Головкин нокаутпен аяқтамаса Бранттың жоғары жылдамдығы оған қиын болары анық. GGG мұндай қарқынмен жеңе алмауы мүмкін, сол себепті ол жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтауы тиіс.

3. Билли Джо Сондерс. Қазіргі таңда Головкинге лайық нұсқалардың бірі емес. Сондерс жақында ғана оң допинг сынама тапсырды. Головкин «таза» боксшылармен жұдырықтасамын десе, ендеше басқаны таңдау тиіс.

4. Даниэль Джейкобс. Головкин Джейкобсты жеңген болатын, сол себепті қажетсіз матч-реваншты өткізудің ешқандай керегі жоқ. Джейкобс GGG-дан 12 раунд бойы қашып жүріп судьялардың шешіміне қарайласатын болар. Тіпті Головкин оны қайта жеңсе де, америкалық мұны мойындамайды және өзін жеңіске лайықты екенін айтып судьяларға шағымданады. GGG «қашатын» Джейкобспен емес, өзімен батыл жекпе-жекке шығатындармен бокстасуы тиіс.

5. Деметриус Андраде. Ол көз қозғалуды ұнататын бойшаң солақай. GGG жекпе-жек бойы Андрадені қуып жүретін болады. Қазақстандық үшін бұл «ішпыстырарлық» матч.

6. Сауль Альварес. Головкин үшін «Канеломен» қайта бокстасу жақсы вариант. Алайда бұл келесі жекпе-жекте бола қоя ма? Альварес біршама уақыт басқа қарсыластармен бокстасатынын ескерсек, Головкинмен үшінші рет жекпе-жек өткізуді қалайтыны белгісіз.

7. Каллум Смит. Супер орта салмаққа ауысқан ол Головкинге жақсы қарсылас болатын еді.

8. Сергей Деревянченко. Головкин Джейкобстан жеңілген боксшымен жекпе-жек өткізуге қарсы болмаса, жақсы таңдау.

9. Хильберто Рамирес. Головкин Top Rank-пен келесімшарт жасаса, бұл жекпе-жек нашар өтпейді.

10. Хосе Ускатеги. Головкинге бұл боксшыға қарсы тұруы үшін үлкен күш қоры қажет. Ускатегидің соққысы мықты, әрі жас. GGG үшін оңайға соқпайтын жекпе-жек болар еді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер