BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

BI Marathon 2019 марафонына тіркелу басталды

Астана, BAQ.KZ. Спортсүйер қауым асыға күтетін жарысқа айналып үлгерген BI Marathon 2019 жылы 4-рет өткелі тұр. Ал 2018 жылдың 16 желтоқсанынан бастап марафонға тіркелу басталады. Бұл туралы BI Holding ЖШС-ның баспасөз қызметі хабарлайды.

- BI Marathon-ға тіркелуді уақытынан бұрын ашу шешімі көпшілік арасында жүгірудің танымалдығының өсуіне байланысты және қатысушыларға алдын ала дайындалуға мүмкіндік беру мақсатында қабылданды. Жалпы саны 10 000-ға жуық адам қатысады деп жоспарлап отырмыз. Әсіресе, ұсынылып отырған қашықтықтарда жеке рекорд орнатуға немесе жаңартуға тілек білдірген қазақстандықтарға ерекше көңіл бөліп отырмыз. Көптеген қалаларда марафон маршруты қаланың ең әдемі жерлері бойымен өтеді, біздің де қатысушылар елордамыздың ең көрікті жерлерімен жүгіріп өтеді. Ал 2018 жылғы марафонның жаңалығы – маршрут жолы бойы жанды музыка болады, бұл жүгірушілерге күш пен эмоция береді, - дейді марафонның спорт директоры Сергей Бодров.

2018 жылы BI Marathon-ға 22 елден 7200 жүгіруші қатысты, оның 4 323-і – ер адам болса, 2 877-і – әйел. Сондай-ақ, BI Group-тан 2 131 адам қатысқан еді, бұл қызметкерлердің салауатты өмір салтын қолдайтындығын және қазақстандық компаниялардың арасында әуесқой-жүгірушілер санымен көш бастап тұрғанын білдіреді.

2019 жылы жүгіру қашықтығы өзгерді: 14 жасқа дейінгі балалар үшін 2 км жүгіру, 14 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер 5 км жүгіру, 16 жастан асқан қатысушылар үшін 10 км жүгіру, 21,1 км жартылай марафон және 18 жастан асқан қатысушылар үшін 42,2 км марафон өтеді. Скандинавия жүрісінің әуесқойлары үшін де 10 км қашықтық, ал корпоративтік қатысушылар үшін – эстафета. Қатысу құны 3000-нан 6000 теңгеге дейін. BI Marathon 2019 жылдың 26 мамырында Астана Триатлон паркінде өтеді

Шараны The Sports Astana – Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен BI Group холдингінің спорттық серіктесі ұйымдастырып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер