Бейбіт Шүменов кәсіпқой бокстағы қазақстандық спортшылар туралы айтты - Спорт|29 Қаңтар 2018, 16:57
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Бейбіт Шүменов кәсіпқой бокстағы қазақстандық спортшылар туралы айтты

Фото: Жас Өркен

Кәсіпқой бокстан екі түрлі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған Бейбіт Шүменов карьерасын әрі қарай жалғастыратынын мәлімдеді. Сондай-ақ ол қазақстандық боксшылардың болашағы туралы ойын бөлісті, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

“Қазақстандық бокстың деңгейі үнемі дамып келеді. Қазір әлемдік лидерлердің біріміз. Олимпиадада лайықты түрде өнер көрсететін боксшылар бізде барлық салмақта бар, бірақ мүмкіндік бәріне бірдей берілмейді. Боксшы уақыт жоғалтпас үшін өз күшін кәсіпқой бокста байқап көруі тиіс. Қазақстандықтар кәсіпқой бокстың беделін әлі де болсын түсінген жоқ”, - деді ол баспасөз мәслиxатында.

Еске сала кетсек, ол бүгін кәсіпқой боксқа қайт оралатынын ресми түрде мәлімдеп, алдағы жоспарларын бөлісті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер