Бейбіт Шүменов кәсіпқой боксқа қайта оралатынын мәлімдеді  - Спорт|29 Қаңтар 2018, 16:44
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Бейбіт Шүменов кәсіпқой боксқа қайта оралатынын мәлімдеді 

Екі түрлі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған Бейбіт Шүменов кәсіпқой боксқа қайта оралады. Бұл туралы қазақстандық боксшы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында мәлімдеді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Не үшін карьерамды аяқтағаным және қайтадан не үшін жалғастыратыным туралы мәлімдеуге келдім. Промоутеріммен келіспеушіліктер болды. Ол өз ісімен жүрді де маған керек жекпе-жектерді ұйымдастырып бермеді. Сонымен бірге көзімді жарақаттап алып, екі рет операция жасадым. Эмоциялық стресс алып карьерамды аяқтаймын деп шештім. Алайда маған үзіліс керек болды. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Қалпыма келдім. Карьерамды жалғастыратыным туралы ресми түрде мәлімдеймін», - деді ол.

Сонымен қатар, Бейбіт Шүменов өзінің алдағы жоспарларымен бөлісті.

«Жоспарларыма келетін болсақ қазақстандық боксты дамыту үшін үлес қосамыз. Әлемдік кеңістікте қазақстандық брендті танытқымыз келеді. Біздің балаларға әлем чемпионы болу үшін көмектесеміз, бокс мектебін ашамыз. Менің KZ Event Productions компаниям бар. Мен Невада, соның ішінде Лас-Вегаста бокс, ММА кешін өткізуге лицензиясы бар жалғыз шетелдікпін. Келесі жекпе-жегім туралы келіссөздер жүріп жатыр. Әзірге бұл туралы айта алмаймыз. Қалай шешіледі, солай жариялайтын боламыз», - деді Бейбіт Шүменов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслиxатында.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер