Бейбіт Шүменов екі түрлі салмақта бокстасуды жалғастырады - Спорт|29 Қаңтар 2018, 17:37
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Бейбіт Шүменов екі түрлі салмақта бокстасуды жалғастырады

Фото: wbaboxing.com

Кәсіпқой бокстан екі түрлі салмақ дәрежесінде экс әлем чемпионы атанған Бейбіт Шүменов бірінші ауыр салмақпен бірге ауыр салмақта бокстасуды жалғастыратынын мәлімдеді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Келесі жекпе-жек туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Осы жылы өткізуді жоспарлап отырмыз. Біршама жекпе-жек өткізген соң әлемнің ең мықты боксшыларымен жұдырықтасуға дайын боламын деп ойлаймын. Салмақ дәрежесі туралы айтар болсам, бірінші ауыр салмақта да, ауыр салмақта да өнер көрсететін боламын», - деді ол.

Отандасымыз Бернард Хопкинске қарсы жекпе-жегінде не себепті жеңілгенін айта кетті.

«26 келі салмақ тастаудың қандай екенін елестете аласыздар ма? Менің денемде май жоқ екенін көріп отырсыздар. Жекпе-жек кезінде менің миым жұмыс істеген жоқ. Маған бас тартуды ұсынды, бірақ мен батырмын ғой, жұдырықтастым. Ол жекпе-жекте барлық қабілетімді көрсете алмадым. Реваншты күтпеймін. Хопкинс – ұлы боксшы. Егер мұндай мүмкіндік болса (реванш – авт.) мен қуана байқап көрер едім», - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер