Бейбіт Шүменов Астанада бокс мектебін ашады - Спорт|29 Қаңтар 2018, 17:25
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Бейбіт Шүменов Астанада бокс мектебін ашады

Фото: sputniknews.kz

Кәсіпқой бокстан екі түрлі салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменов Астанада бокс мектебін ашуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біз Қазақстанда кәсіби боксты дамытуды жоспарлап отырмыз. Қазақ балаларының әлем чемпионы атануына көмектесіп, еліміздің брендін әлемге танытқымыз келеді. Сондай-ақ, жас балалардың боксты үйреніп, тәжірибе жинақтауы үшін Астанада бокс мектебін ашу жоспарда бар», - деді Бейбіт Шүменов.

Боксшы мектептің Астана қаласында бой көтеретінін айтты. Ал оның нақты қай уақытта ашылатыны белгісіз. Дегенмен оған 7 жасқа дейінгі балалар қабылданатынын жеткізді. Оның айтуынша, жоба сәтті жүзеге асса, мұндай мектептер Қазақстанның өзге де қалаларында ашылатын болады.

«Қазақстандық бокстың деңгейі үнемі дамып келеді. Қазір әлемдік лидерлердің біріміз. Олимпиадада лайықты түрде өнер көрсететін боксшылар бізде барлық салмақта бар, бірақ мүмкіндік бәріне бірдей берілмейді. Боксшы уақыт жоғалтпас үшін өз күшін кәсіпқой бокста байқап көруі тиіс. Қазақстандықтар кәсіпқой бокстың беделін әлі де болсын түсінген жоқ», - деді ол баспасөз мәслиxатында.

Ол өзінің промоутерлік кампаниясы мен тәжірибесі барын айтып отандық боксшылармен бөлісуге дайын екенін айтты.

«Мэнни Пакьяо кішкентай ғана Филиппиннен шыққан. 10 жыл бұрын Филиппиннің қайда орналасқанын әлем халқы білген жоқ деп ойлаймын. Дәл осы боксшының арқасында Филиппин елі әлемге танылды. Боксшы әлемдік аренада танылған сайын, елдің де абыройы арта түседі. Бұған қол жеткізу үшін менің компаниям, білімім және тәжірибем бар. Бапкер болатын ойым жоқ, бірақ отандастарымның әлемдік аренада табысты болуы үшін тәжірибеммен бөлісуге әзірмін», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында.

Еске сала кетсек, ол бүгін кәсіпқой боксқа қайта оралатынын ресми түрде мәлімдеп, алдағы жоспарларын бөліскен болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер