BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Барыс» хоккейшісі жарақат алды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. «Барыс» хоккей клубының қорғаушысы Джэсси Блэкер ойын кезінде алған жарақаты салдарынан екі аптадай жарысқа қатыса алмайды.

«Барыс» хоккей клубының баспасөз қызметі канадалық қорғаушының 12 қараша күні «Сібір» командасымен өткен мачта жарақаттанғанын мәлімдеді. Бұл ойында «Барыс» клубы 2:1 есебімен қосымша уақытта жеңіске жеткен болатын. Осылайша, Блэкер Құрлықтық хоккей лигасының ойындарынан екі аптадай тыс қалады.

Айта кетсек, кеше өткен мачта астаналық клуб «Амур» командасынан 5:6 есебімен жеңіліс тапқан болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер