Семей қаласының балалар үйінің тәрбиеленушілері Францияда өткен «Пари-Сен-Жермен» және «Сент-Этьен» футбол клубтарының арасында болған жарыс ойынына қатысты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.
Семей қаласының балалар үйінің тәрбиеленушілері Францияда өткен «Пари-Сен-Жермен» және «Сент-Этьен» футбол клубтарының арасында болған жарыс ойынына қатысты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.
14 қыркүйек күні Қазақстанның жас футболшы балалары Франциядағы әйгілі «Парк де пренс» стадионында болған «Пари-Сен-Жермен» және «Сент-Этьен» арасындағы текетірес ойынның көрермені болды. Ойын балалардың жадында естен кетпес әсер мен сезім қалдырды. Олар өзін нағыз футболшы сезініп, өткен ойында командаларға қолдау көрсетіп шынайы футбол атмосферасын сезінді.
Еуропаның ең мықты клубтарына жолдама - балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында өткен «Арманыңа жақында» атты футбол чемпионатының қатысушыларынының басты сыйы. Айта кетсек бұл чемпионатты «Цеснабанк» АҚ , Нұр Отан партиясы мен Қазақстан Футбол Федерацисының қолдауымен «BAURZHAN» қоры ұйымдастырып отыр.
Сондай-ақ, сапар барысында «Арманыңа жақында» жеңімпаздары Франциядағы Қазақстан елшісі Жан Ғалиевпен де кездесті. Балалар сапардан алған әсерлерімен және өздерінің спорттағы жетістіктерімен бөлісе отрып, алғыстарын білдірді.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!