Универсиаданың салтанатты ашылуы 24 қыркүйекте Атырау мемлекеттік университетінің «Жайық» спорт кешенінде өтеді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.
Универсиаданың салтанатты ашылуы 24 қыркүйекте Атырау мемлекеттік университетінің «Жайық» спорт кешенінде өтеді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.
Аталмыш шараны Атырау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырады. 30 қыркүйекке дейін жалғасатын жарысқа 5 мемлекеттің 700 спортшысы қатысады.
Универсиада спорттың 10 түрінен жеңімпазды анықтайды. Студенттер баскетбол, жүзу, жеңіл атлетика, бокс, каратэ-до және т.б. университеттердің басқа өкілдерімен бәсекелесуге ниетті. Барлығы 400 медаль жиынтығы сарапқа салынатын болады.
"Қазақстан, Ресей, Иран және басқа елдердің жоғары оқу орындарының студенттері арасында осындай ірі спорт жарыстарын өткізу бүкіл Атырау облысы үшін үлкен мәртебе. Университеттен 170-тен астам спортшы қатысады. Біз олардың жеңісіне сенеміз және оларға сәттілік тілейміз, - деді Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ баспасөз қызметінің басшысы Сағынбек Аронов.
Айта кетейік, универсиада 2000 жылдан бері өткізілуде. Алғашқы ойындар Астрахань қаласында өтті. Әртүрлі елдің спортшыларымен кездесу Каспий маңы мемлекеттері арасындағы байланыстарды нығайтуға, аралық достықты дамытуға, спортқа деген қызығушылықты арттыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!