Астанада шаңғы жарысы өтеді - Спорт|13 Желтоқсан 2018, 16:48
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Астанада шаңғы жарысы өтеді

Астана, BAQ.KZ. 15 желтоқсанда Астанадағы орталық саябақта орналасқан шаңғыроллер трассасында «Алғашқы қар» шаңғы жарысы өтеді. Жарысқа кез келген адам қатыса алады, деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты

Жарысты елордалық мәдениет және спорт басқармасы, Әкімдіктің спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы, № 2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және «Қазақстан Шаңғы жарысы ұлттық федерациясы» ҚҰ ұйымдастырады.

«Негізгі мақсат – салауатты өмір салтын насихаттау және халықты дене шынықтыру мен спортқа жаппай тарту, шаңғы жарысын танымал ету, бұқаралық спортты дамыту», – деп мәлімдеді мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметінде.

Байқауға кез келген адам қатыса алады. Тіркеу кезінде жеке куәлік пен дәрігердің рұқсатын көрсету қажет.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер