Елімізде атап өтілетін Отбасы күніне орай елордалық 41 отбасы сенбі күні таңертең «Отбасылық дуатлонға» қатысу үшін Триатлон паркте жиналды. Жарыс «Дені сау отбасы – дені сау ұлт» ұранымен және еліміздің бас қаласының 20 жылдығы құрметіне Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Бастарына шлем киіп, велосипедке мінген ата-аналар мен балалар фитнес жаттықтырушылардың жетекшілігімен аздап жаттығу жасады.
Жалпы, биылғы дуатлонда балалар үшін үш жас санаты белгіленді: 8-9 жас, 10-11 жас және 12-13 жас. Қашықтықтың жалпы ұзындығы – 4,5 км. Алдымен 2,1 қашықтыққа әкелер жүгірді, эстафетаны велосипедке мінген аналар алды. Жарысты балалар мәреге дейін 300 метр жүгірумен аяқтады.
«Отбасылық дуатлон» дәстүрге айналды, оны осымен, биыл үшінші рет өткізіп отырмыз. Жарысқа қатысуға ниет білдірген отбасылар саны едәуір артты. Былтыр 30 отбасы болған. Биыл 8-9 жас санаты қосылды. Келер жылы 5-6 жастағы балаларды қоспақпыз. Жарысқа қатысуға өтінімдер алдын ала электронды түрде қабылданды, міндетті түрде шлем мен дәрігердің рұқсаты болуы керек», - деді «Астана қаласының спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу дирекциясы» КММ басшысы Азамат Имашев.
Жүлделі үш орынның иегерлеріне тұрмыстық техника (теледидарлар), ал балаларға – жаңа велосипедтер табысталды. Ұйымдастырушылар әрбір қатысушыға естелік ретінде арнайы медальдар берді.
Осы санатта Қожановтар отбасы күміс, Төлегеновтар әулеті қола жүлде иеленді.
12-13 жас санатында Саликжановтар отбасы бірінші орын алды. Шевченко отбасы екінші, Қуанышбаевтар үшінші орынға табан тіреді.
Жеңімпаздарды марапаттау және құттықтау салтанаты лотерея ұтысымен жалғасты. Жарысқа қатысушылар арасында 5 велосипед ойнатылды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!