Астанада конькимен жүгіру спортынан Қазақстан біріншілігі басталды - Спорт|25 Қазан 2018, 13:50
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада конькимен жүгіру спортынан Қазақстан біріншілігі басталды

Астана, BAQ.KZ. Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтының жазуынша ел чемпионатына 8 аймақтан 100-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Бірінші күні спортшылар 500 және 1000 метрлік қысқа қашықтықта күш сынасты. Қыздар 3 мың, ұлдар 5 мың метр қашықтыққа шықты.

Жарыс елімізде конькимен жүгіру спортын дамытуға және спорттың қай түрімен болсын шұғылдану керектігін, ел тұрғындары арасында насихаттауға бағытталған. Осы турнирде кімнің негізгі құрамға алынып, ірі жарыстарға қатысатыны анықталады.

Чемпионатта ұлттық құрамадан бөлек, жасөспірімдер командасына да іріктеу жүргізілмек. Үш күнге созылатын жарыс «Алау» мұз айдынында өтуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер