Елордада «Дэвис кубогы» турнирінің 1/8 финалы өтеді - Спорт|29 Қаңтар 2018, 14:53
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Елордада «Дэвис кубогы» турнирінің 1/8 финалы өтеді

2-4 ақпан аралығында Астанадағы Ұлттық теннис орталығында «Дэвис кубогы» әлемдік тобындағы 1/8 финалының бірінші кезеңі өтеді. Онда Қазақстанның ерлер құрамасы Швейцария теннисшілерімен бәсекеге түседі. Жеңген команда ширек финалға жолдама алады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, Қазақстан Дэвис кубогына 1995 жылдан бері қатысып келеді. Ұлттық құрама 2010 жылы бірінші рет Әлемдік топқа іліккен болатын.

Ал 2011, 2013, 2014 және 2015 жылдары жарыстың ширек финалына шықты. Қазақстан - Швейцария кездесуін «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер