Астана марафонында кениялықтар бірінші келді - Спорт|16 Қыркүйек 2018, 14:47
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Астана марафонында кениялықтар бірінші келді

Фото: Нұржас Жақсыбай

Бүгін 16 қыркүйекте Астанада халықаралық Astana Marathon 2018 өтті. Төменде абсолют пен жас санаттары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімін ұсынамыз, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Марафон 7.00-де басталды. Астана қаласының жаңа әкімі Бақыт Сұлтанов стартты бастап берді. Биылғы марафонға қатысушылар арасында шенеуніктер мен танымал тұлғалардың қарасы көрінбеді. Пелетонды Эфиопия мен Кениядан келген марафоншылар бастады. Сәйкесінше 42.2 шақырымға жүгіруден оларға ешкім жете алмады.

Шара өтіп жатқан аумақта үлкен экраннан Головкин мен Альварес арасындағы жекпе жек көрсетілді. Мәре сызығын кескендер үлкен сахна маңайынп жиналып, қазақстандық боксшыға қолдау көрсетті. Жекпе жек нәтижесі белгілі болғаннан кейін ғана марафон жеңімпаздарын марапапттау рәсімі басталды.

42,2 км
Абсолют, ерлер (18-39 жас)
1. Эрик Керинг (2:17:57), Кения
2. Роберт Гаито (2:22:30), Кения
3. Амир Байтуканов (2:26:33), Қазақстан

Абсолют, әйелдер
1. Салина Джебет (2:31:09), Кения
2. Люси Ндунгу (2:33:12), Кения
3. Юлия Андреева (02:37:46), Қырғызстан

Жас санаттары бойынша:

18-39 жас, ерлер
1. Жоодарбек Кочконбаев (2:28:47), Қырғызстан
2. Беллор Ятор (2:30:24), Кения
3. Ғалымжан Жұмабаев (2:32:01), Қазақстан

Әйелдер
1. Жанна Мамажанова (2:38:56), Қазақстан
2. Дана Айдосова (2:47:19), Қазақстан
3. Мерси Джелимо Тоо (2:50:16), Кения

40-49 жас

Ерлер
1. Әскер Қожанов (2:49:56), Қазақстан
2. Юрий Егер (2:53:07), Қазақстан
3. Айбек Жотеков (3:04:55), Қазақстан

Әйелдер
1. Нелли Медведева (3:54:58), Қазақстан
2. Гюзаль Васева (4:02:59), Қазақстан
3. Инна Вишнякова (4:09:22), Қазақстан

50-59 жас
Ерлер
1. Павел Брода (2:55:31), Қазақстан
2. Меңдібай Әлімғазинов (3:01:17), Қазақстан
3. Талапнұр Байзақ (3:14:10), Қазақстан
Әйелдер
1. Валентина Титовская (4:21:19), Қазақстан

60-69 жас
Ерлер
1. Владимир Кривушкин (3:21:59), Қазақстан
2. Қазбек Бекеев (3:32:10), Қазақстан
3. Валерий Куликов (3:43:04), Қазақстан

Әйелдер
1. Любовь Асанова (4:29:43), Қазақстан

70+ жас
Ерлер
1. Николай Григорьев (3:38:54), Қазақстан
2. Қайырбай Сәлімов (4:01:35), Қазақстан
Әйелдер
1. Амельсин Мирошниченко (05:21:48), Қазақстан

10 км
Әйелдер
1. Шадрак Коеч (00:30:52), Кения
2. Кеннет Ротич (00:31:45), Кения
3. Алексей Гусаров (00:31:57), Қазақстан

Әйелдер
1. Норах Джеруто (00:32:04), Кения
2. Дэйзи Джепкемей (00:32:05), Кения
3. Светлана Саунина (00:37:57), Қазақстан

Жүлделер:

42,2 км Абсолют (кез келген жастағы ерлер мен әйелдер):
1-орын – 905 000 тг; кез келген бағытқа Air Astana билеті, Astana Marathon символикасымен Amir Watches эксклюзивті сағаттары
2-орын – 452 500 тг; кез келген бағытқа Air Astana билеті
3-орын – 226 250 тг

Қосымша жас санаттары бойынша 18-39 жас, 40-49 жас, 50-59 жас, 60-69 жас, 70+ жас:
1-орын – 50 000 тг
2-орын – 40 000 тг
3-орын – 30 000 тг
10 км

Абсолют (кез келген жастағы ерлер мен әйелдер):
1-орын – 30 000 тг
2-орын – 25 000 тг
3-орын – 20 000 тг

Сондай-ақ мәре сызығын кескен қатысушыларға "Астананың 20 жылдығы" жазуы бар естелік медальдар табысталды.

Марафонға 4661 адам тіркелді: 42,2 км – 830 адам (86,6% ерлер, 13,4% әйелдер), 10 км – 3831 адам (57,6% ерлер, 42,4% әйелдер). Қазақстанның 37 қаласынан және Германия, Ресей, Жапония, Италия, Өзбекистан, ОАЭ, Швеция, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, АҚШ, Қырғызстан, Франция, Түркия, Австралия, Кения, Эфиопия, Грузия, Люксембург, Испания, Беларусия, Малайзия, Финляндия сынды шетелден келген марафоншылар қатысты.

Барлығы 3567 адам (42,2 км – 672 адам, 10 км – 2895 адам) мәре сызығын кесті. Жүгірген қатысушылар арасында ерлер менәйелдер үлесі 42.2 км - 87% және 13%, 10 км – 58,1% және 41,9% құрады.

Видео: Нұржас Жақсыбай


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер