«Астана» Франция кубогының жартылай финалисін жеңді - Спорт|10 Желтоқсан 2018, 10:18
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

«Астана» Франция кубогының жартылай финалисін жеңді

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ. Елордалық «Астана» футбол командасы франциялық «Шамбли» клубымен өткен жолдастық кездесуде 1:0 есебімен жеңіске жетті.

«Астананың» жаттығу жиыны 11 желтоқсанға дейін жалғасады. Содан кейін астаналық команда УЕФА Еуропа лигасы топтық кезеңінің соңғы матчында Реннге қарсы ойнайды. Осы матчта турнирдің 1/16 финалы жолдамасының тағдыры шешілейін деп тұр. Плей-оффқа шығу үшін астаналық командаға қарсыласымен тең ойнаудың өзі жеткілікті.

Еске сала кетсек, «Шабли» – Франция кубогының жартылай финалисі және осы елдің мықты дивизионында үшінші орында тұр.
«Астана» - «Шамбли» 1.0

Гол: Кабананга.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер