«Астана арландары» финал алдындағы соңғы жиынын Астанада өткізеді - Спорт|11 Қыркүйек 2018, 12:57
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

«Астана арландары» финал алдындағы соңғы жиынын Астанада өткізеді

Ертең елордамызда «Астана арландары» бокс клубы Дүниежүзілік бокс сериясының финалдық жекпе-жегінің қарсаңындағы соңғы жаттығу жиынын өткізеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жаттығу жиыны 12 қыркүйек пен 19 қыркүйек аралығында Астананың «Тарлан Арена» спорт кешенінде өтеді. Жаттығу жиынына финалға қатысудан үмітті барлық боксшылар шақыртылған.

- Мұнда біз Астана қаласының құрамасымен бірлескен жаттығу жиынын жасап, жергілікті боксшылармен спаррингтік кездесулер өткіземіз. Сондай-ақ, Қытайға баратын боксшылардың визаларымен айналысуымыз қажет. Ал Қытайға 19 қыркүйек күні ұшамыз. Ол жақта да бір апталық оқу-жаттығу жиынын өткізіп, 26 қыркүйекте алғашқы кездесуімізді өткіземіз, - деді «Астана арландарының» бас бапкері Нұрлан Ақүрпеков.

Естеріңізге сала кетейік, WSB финалы биыл бейтарап елде өтеді. Финалдағы қарсыласымыз – «Куба батырлары». Алғашқы айқас 26 қыркүйек күні Сямын қаласында, екінші кездесу қыркүйектің 28-і күні Цзинцзянда өтеді. Егер барлық салмақтағы айқастардың қорытындысы бойынша тең есеп тіркелсе, командалар жекпе-жек жеңімпазы анықтау үшін 64 келіде тағы бір айқас өткізеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
Пікірлер