BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Астана» Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шықты

«Астана» клубы қазақ футболы тарихында алғаш болып Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шықты. Елордалық команда топтағы соңғы ойында Чехияның «Славия» командасын ұтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Прагада өткен аса маңызды ойында Станимир Стойлов жаттықтыратын «Астана» 1:0 есебімен жеңіске жетті. Елордалық ұжымға жеңіс сыйлаған голды 38 минутта Марин Аничич соқты. Алғашында бас төреші Давид Масса голды есепке алмағанмен, кейіннен қапталдағы көмекшісімен ақылдаса келе есепті тіркеді.

Екінші таймда алаң иелері шабуылда ширақ ойнағанмен, қазақстандық команданың қорғаушылары сәтті қорғана білді. Қақпашы Ненад Эрич қырағылық танытып, бірнеше сәтте қақпасын голдан құтқарып қалды. Нәтижесінде бірінші таймдағы есеп сақталып, «Астана» 10 ұпаймен Еуропа лигасының 1/16 финалына шықты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер